Өмірбаяны

ЕРМОЛОВА ВЕРА ПЕТРОВНА

Ермолова Вера Петоровна 1925 жылы 1 тамызда Ресей Федерациясындағы Александровка қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген. Отбасы жағдайына байланысты 1939 жылы Павлодар облысына көшіп келген.

Әкесі, Николайчиков Петр Петрович, 1901 жылы дүниеге келіп, майданда қаза тапқан. Колхозда қызмет істеген еңбекқор адам.

Анасы, Николайчикова Евдокия Михайловна, 1901 жылы дүниеге келген.

Соғыс басталған кезде Вера Петровна 16 жаста ғана болған.

Өзінің қызмет ету жолын 1940 жылы Шалдай ауылында бастаған. Орман қорғау станциясында жұмысшы болған. 1967 жылы Павлодар индустриалды институтында еден жуушы болып жұмыс істеген.

Жолдасы, Ермолов Николай Петрович, 1924 жылы 24 желтоқсанда Курск қаласында дүниеге келген. Өрт сөндіруші машинаның жүргізушісі болып қызмет еткен. Соғыс аланынан 1948 жылы қайтып келген.

Вера Петровна мен Николай Петрович құрған шанырақта бес бала дүниеге келген, екеуі дүниеден өткен.

Үлкен қызы, Ермолова Валентина Николаевна, 1945 жылы туған, медицина саласында қызмет еткен, қазіргі уақытта зейнеткер.

Ортаншы қызы, Ермолова Зинаида Николаевна, 1954 жылы дүниеге келген.

Кенже қызы, Хлынова Наталья Николаевна, 1956 жылы дүниеге келген, қазіргі уақытта психоневрологиялық диспансерде қызмет етуде.

Вера Петровна мен Николай Петровичтің бес немере және төрт шөбересі бар.

Сіңірген еңбегі үшін 2004 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Фотомұрағат



Марапаттаулар