Өмірбаяны

ВЫДРИНА АНТОНИДА ВАСИЛЬЕВНА

Выдрина Антонида Васильевна 1934 жылы 8 сәуірде Павлодар облысы, Максим Горький ауданы, Қашыр ауылында дүниеге келген.

Әкесі, Выдрин Василий Михайлович, 1911 жылы дүниеге келіп, 1943 жылы майданда қаза табады. Балық кәсібімен айналысқан.

Анасы, Выдрина Праскофья Петровна, 1912 жылы туған. Колхозда әртүрлі жұмыс жасаған. Әкесі қайтыс болған кейін анасы Қашыр ауылында Ауылдық тұтыну қоғамының төрағасы болып жұмыс істеп жүрген, Котляов Сперидон Михайловичке тұрмысқа шыққан. Сперидон Михайлович 1904 жылы дүниеге келген. Отбасында төрт бала тәрбиелеп өсірген.

Ұлы Отан соғысы басталғанда Антонида Васильевна 7 жаста болған. 7 жасынан бастап жұмыс істеген, анасына көмектескен: қамбарларды, қораларды сылаған, далада, бақшада көкеніс жинаған. 1952 жылы 10 сынып бітіріп, Омбы ауылшаруашылық институтының механикалық факультетіне инженер-механик мамандығы бойынша оқуға түскен.

Жолдасы, Шарко Михаил Григорьевич, 1928 жылы дүниеге келген. Трактор зауытында бастық болып жұмыс істеген.

Антонида Васильевна жолдасымен бірге екі баласын, үш немере мен бес шөбересін тәрбиелеген.

Тұңғышы, Шарко Татьяна Михайловна, 1967 жылы дүниеге келген.

Екінші қызы, Шарко Надежда Михайловна, 1970 жылы дүниеге келген, оператор болып жұмыс істейді. Қазіргі танда 3 бала тәрбиелеп отыр. Өзінің қызмет ету жолын 1957 жылы бастаған. Павлодар индустриялды институтында Сызу геометриясы мен сызу кафедрасында аға-оқытушы болып жұмыс істеген. 1989 жылы зейнеткерлікке шыққан. Зейнеткерлікке шыққан соң Химия зауытында жасылдандырушы болып жұмыс істеген.

Еңбекқор анамыз адал еңбегі үшін орта арнайы білім беру мекемелерінің облыстық кеңесі төрағасының алғыс хатымен, Павлодар аудандық комитетінің «Үздік атқыш» алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, 1956 жыл КСРО Жоғарғы Совет Президиумының «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен, 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Фотомұрағат



Марапаттаулар