Өмірбаяны

ВОВНЕНКО СОФЬЯ ПЕТРОВНА

Вовненко Софья Петровна 1931 жылы 26 шілдеде Ресей Федерациясы, Орлов облысы, Никольское ауылында дүниеге келген.

Әкесі, Дорофеев Петр Григорьевич, Ресейде майданда қаза тапқан.

Анасы, Дорофеева Вера Петровна, тылда қайтыс болған.

Софья Петровнаның отбасында төрт бала болған: үлкен ағасы, Софья Петровна, екі қарындасы және бауыры.

Өзінің қызмет ету жолын Софья Петровна Сталин қаласында үшінші сыныпты бітіргеннен кейін бастаған, ол кезде небәрі 10 жаста болған екен. Тың игеру уақытында бомбаның жарылу салдарынан анасы қайтыс болған. Жетім қалған балалардын тәрбиесімен тәтесі айналысқан. Софья Петровна жасындағы қыздар сол уақытта соғыс алаңындағы жауынгерлерге киім тігіп жұмыс істеген.

Ұлы Отан Соғыс жылдары жетім қалған балалардың саны өсіп, балалар үйлері толып қалған. Сол кезде балалар үйінде тек кішкентай балаларды қалдырып, ал жасөспірімдерді өндіріске жұмыс істеуге жіберу керек деп шешім қабылданды. Бұл шешім Софья Петровнаның да тағдырына әсер еткен. Ағасы екеуін жұмыс істеуге жіберсе, екі қарындасы мен бауырын балалар үйінде қалдырған. Сол уақыттан бастап ағайындар арасында байланыс үзілген болатын.

Соғыс аяқталғаннан кейін Новомушкетово тресіндегі «Буденновуголь» шахтасында вагоншы болып жұмыс істеген. Тын игеру уақытында Софья Петровна Павлодарға жер аударылған болатын,осы жерде өзінін болашақ жары Вовненко Иван Андреевичпен танысқан. Ол өмір бойы Павлодар-Горводоканалында слесарь-сантехник болып жұмыс істеген. 1953 жылы жастар шаңырақ құрған, 1954 жылы жас отбасында тұңғыш перзенттері Нина есімді қыз дүниеге келеді. 1960 жылы Софья Петровна Павлодар индустиалды инситутына киім жуушы ретінде жұмысқа қабылданған. 1970 жылы Софья Петровна Александр есімді ұлды дүниеге әкеледі, ол әке жолын қуған азамат болып өседі.

Бүгінгі таңда, Софья Петровна – үлгілі ана әрі мейрімді әже.

1984 жылы 4 мамырда Софья Петровна адал қызмет еткені үшін КСРО Жоғарғы Совет Президиумының шешімімен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. 2010 жылы 19 наурызда «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қазір Софья Петровна ұлы Александр және немересі Снежанамен Павлодар қаласында тұрады.

Фотомұрағат



Марапаттаулар