Өмірбаяны

ВАХИТОВ РАФАЭЛЬ ГАЙСИЧ

Вахитов Рафаэль Гайсич  – Павлодар және Қазақстандық спорттың тірі аңызы. Қазақ КСР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Вахитовтың есімі Павлодардың әрбір спорт сүйер қауымға таныс. Ол біздің облысымызда бокстың дамуына үлкен үлес қосқан. Р.Вахитов республика чемпиондарын дайындады, оның  арқасында тұңғыш рет советтік уақытта Павлодардың боксшылары туралы айтыла бастады. Бүгінде ол –  қазақ КСР-дің дене тәрбиесі және спортының үздігі, еңбек сіңірген жаттықтырушы және Қазақстан Республикасының спорт қайраткері.

Былғары қолғап шеберлері атанған Евгений Выприцких, Евгений Лысенко, Елеусиз Дүйсеков  және Игорь Михайлов сынды оның тәрбиеленушілері Қазақстанда ғана емес, шет елдерде де атақты. Осы боксшылар КСРО салалық орталық спорт қоғамының бүкілодақтық турнирларының жеңіс тұғырларына көтерілді. Ал Павлодардың боксшылары, Дүйсеков және Михайлов, бірнеше жыл Кеңес Одағы құрама командасының мүшесі болды.

Рафаэль Гайсич 1928 жылы 2 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келді. Әкесі, Вахитов Гайса Мусинович, 1905 жылы дүниеге келген. ҰОС-ның қатысушысы. Анасы, Вахитова Гүлсім Хадиевна, 1909 жылы дүниеге келген, фармацевт болып жұмыс істеді. Отбасында  Рафаэль Гайсич жалғыз перзент болды.

Соғыс басталған кезде 7 сыныпта оқып жүрген еді. Соғыс уақытында он төрт жастағы жасөспірім біздің қаламызға қоныс аударған «Октябрь» Тула зауытында жұмыс істеді, алдымен бақыршының оқушысы, кейін бақыршы, электрослесарь болып жұмыс істеді. Кейін әскери-қалпына келтіру поезімен Украинаға Боярка бекетінде балалар теміржол шипажайын қалпына келтіруде электрик және күш қондырғысының машинисі болып жұмыс істеді. Сол жерде әйгілі украина бокшысы Игорь Скороход байқап, сол уақыттан бастап біздің ветеран боксқа көңіл аударды. Әскерде болған кезінде өзімен бірге борыштарын атқарған достарын дайындады, әскерден кейін Ташкент облысы Ангрен қаласында 1956 жылға дейін мектепте дене шынықтыру және әскери дайындық бойынша ұстадық етті.  

Кейін Ангрен қалалық атқарушы комитетінде дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы болды. Ал 1957 жылдан ІІМ-нің взвод командиры болып жұмыс істеді. 1960 жылы Семей қаласына көшіп келді. Сол жерде өзінің өмірлік серігі Бибигуль Айтмухаметовнаны кездестіреді.

Рафаэль Гайсичтің тамаша жанұясы бар. Ұлы, Вахитов Мират Рафаэлевич, Ресейдің әскери офицері. Қызы, Вахитова Аида Рафаэлевна, 1973 жылы дүниеге келген. Бақытты Рафаэль Гайсичпен Бибигуль Айтмухаметовнаның екі немересі бар.

1966 жылы тағдыр оны тағы Павлодарға әкелді және осы қалада сүйікті ісімен айналыса бастады. 1980 жылы оның басшылығымен Павлодар облысының және Қазақстанның бастаушы спортшылары өздерінің бірінші дәрістерін алған «Боксерские перчатки» атты балаларға арналған спорт клубы ашылды.

Соңғы отыз жыл бойы Р.Вахитов Павлодар рингінің шеберлерін дайындап жатыр. Ол – өзінің шәкірттерінің қадіріне және махаббатына бөленген жан. Ардагер республикалық, бүкілодақтық және дүниежүзілік деңгейдегі  20 астам чемпиондар мен жүлдегерлерді дайындады, халықаралық деңгейдегі Қазақстан Республикасының екі спорт шеберін, 30 спорт шеберлерін дайындады. Павлодардың мемлекеттік университетінде 2003 жылдан бері Рафаэль Вахитов атындағы спорт залы ашылған. Тәжірибелі педагог және әйгілі жаттықтырушы жас спортшыларға жаңа жеңістерге жетуге көмектеседі. Оған профессор академиялық атағы берілген.

Міне, бес жыл қатарынан біздің қаламызда Қазақ  КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рафаэль Вахитовтың жүлделеріне  боксерлік турнир өткізілуде. Ертіс өңіріндегі қалаға біздің еліміздің түрлі аймақтарынан және Ресейден былғары қолғап шеберлері келеді. Рафаэль Вахитов әлі де аптасына алты рет өзінің шәкірттерін жаттықтырады. Ардагер күшке, оптимизмге толы, көңіл-күй әрдайым жақсы, ол жастарға әрқашан көмек көрсетуге дайын.

Адал еңбегі үшін марапатталды:

- 1970жылы «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен;

- 1976 жылы Қазақ КСР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы атағымен;

- 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен;

- 1995 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 50 жылдық жеңісі» мерекелік медалімен;

- ҚР дене шынықтыру және спорттың дамуына қосқан үлесі үшін медалімен;

- 2004 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 60 жылдық жеңісі» мерекелік медалімен;

- 2010 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 65 жылдық жеңісі» мерекелік медалімен;

- Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін медалімен;

- 2008 жылы Қазақстан Республикасының спорт қайраткері атағымен.

Фотомұрағат



Марапаттаулар