Өмірбаяны

ВАСИЛЬЕВА ВАЛЕНТИНА ПАВЛОВНА

Васильева Валентина Павловна 1930 жылы 4 маусымда Ресей федерациясындағы Саратов облысы, Петров ауданы, Вязьмино ауылында дүниеге келген.

Әкесі, Артёмов Павел, соғыс алаңында қайтыс болған.

Анасы, Артёмова Наталья, Валентина Павловнаның бала кезінде қайтыс болған.

Валентина Павловнаға дейін жанұясында екі бала болған, бірақ олар сәби кезінде қайтыс болған. Әкесінің бірінші некесінен ағасы Петр және апасы Мария дүниеге келген. Әкесін соғысқа алып кеткенде, Валентина Павловнаны балалар үйіне тапсырған.

Ұлы Отан соғысы көптеген адамдардың қанын төгіп, аналарымызды жарсыз, бауырларымызды ата-анасыз қалдырды. Отан үшін жанын пида қылған аға-апаларымыздың ерлігі ешқашан өшпейді.

Ұлы Отан Соғыс кезінде жетім қалған балалардың саны өсіп, балалар үйлері толып қалған. Сол кезде балалар үйінде тек кішкентай балаларды қалдырып, ал жасөспірімдерді өндіріске жұмысқа жіберу керек деп шешім қабылданды. Бұл шешім Валентина Павловнаның да тағдырына әсер етіп, 1942 жылы Баку қаласына соғыс алаңына арналған киім тігетін фабрикаға жұмыс істеуге жіберіледі. Сол фабрикада 1946 жылға дейін жұмыс істейді.

1946-1953 жылдары Петровск қаласының кеме жасау зауытында токарь болып қызмет еткен. Ал 1953-1955 жылдары Тула қаласында құрылыс орнында жұмыс істеген.

Валентина Павловна Петровск қаласында 7 сыныптық кешкі мектепті бітірген.

1955 жылы комсомол жолдамасы бойынша тың игеруге Приозерный совхозына жіберілген. 1956 жыл КСРО Жоғарғы Совет Президиумының «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. 1957 жылы комсомол ұйымының хатшысы болып тағайындалды. Сол жылы Валентина Павловна отбасын құрған болатын. Жолдасы Васильев Павел Александрович Приозерный совхозында жүргізуші, кейін гараждардың меңгерушісі болып қызмет еткен.

1958 жылы Василевтар отбасында Александр есімді тұнғыш перзент дүниеге келеді. Александр қазіргі уақытта Павлодар қаласында тұрады, тіс дәрігері болып жұмыс істейді.

Павлодар индустиалды инситутында 1975 жылдан бастап жұмыс істеген, алдымен киім қабылдаушы, кейін комендант болған.

Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін Валентина Павловна 2004 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалімен, ал 2010 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Валентина Павловнаның екі немересі бар: олар тұрмыс құрған қыздар. Үлкені Астана қаласында, кішісі Омск қаласында тұрады.

Фотомұрағат



Марапаттаулар