Өмірбаяны

ВАСИЛЬЕВА ВАРВАРА АЛЕКСЕЕВНА

Васильева Варвара Алексеевна 1926 жылы 4 қантарда Удмурт АКСР-і, Воронино ауылында дүниеге келген.

Әкесі, Дряхлов Алексей Филимонович, Ұлы Отан соғысына қатысып, соғыс алаңында қайтыс болған. Анасы, Дряхлова Василиса Элизаровна, тыл еңбеккері.

Отбасында бес бала болған. Варвара Алексеевна – отбасының тұңғышы.

Соғыс басталған кезде Варвара Алексеевна 15 жаста болатын, бірақ соғыс орташа білім алуға еш кедергі жасамады. Варвара Алексеевна соғыс жылдары 10 сыныпты бітірді.

Мектепті бітірген соң Ижевск қаласындағы Педагогикалық институтқа «Тарих» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 4 жыл оқыды. Оқуды бітіргеннен кейін Воронино ауылында тарих пәні бойынша ұстаз болып жұмыс істеді.

1950 жылы әскери қызметкер Васильев Никанор Яковлевичке тұрмысқа шықты. Неке құрғаннан кейін Никанор Яковлевичті Минск аймағындағы Белоруссияға қызмет бабымен жіберді, ол жерде жас отбасы 5 жыл тұрды. Кейін Никанор Яковлевичті Мәскеу әскери академиясына 5 жылдық оқуға жіберді. Оқуын аяқтаған соң оны қызмет етуге Орта Азияға, Шымкент қаласына жіберілді, кейін Павлодар қаласына аударды. Осы уақыт бойы Варвара Алексеевна жолдасы қызмет еткен қалаларда тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Павлодарға келісімен Варвара Алексеевнаны жаңа ашылған Павлодар индустриалды институтында жұмысқа шақырды. Сол жерде ол тарих пәнінің мұғалімі болып зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеген болатын.

1951 жылы Василевтер отбасында тұңғышы Владимир,екі жылдан кейін Виктор есімді ұлдары дүниеге келген. Владимир қазіргі уақытта Павлодарда, ал Виктор Ресейде тұрып жатыр.

Фотогалерея


Награды