Өмірбаяны

ҚҰРМАНОВ ҚАРАТАЙ ЖҮСІПҰЛЫ

Құрманов Қаратай Жүсіпұлы 1930 жылы 29 наурызда Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келген.

Әкесі – Құрманов Жүсіп Құрманұлы, 1897 жылы туған.

Анасы – Құрманова Сабира Мұқатайқызы, 1904 жылы туған.

Отбасында 4 бала болған. Үлкен әпкесі, Құрманова Нағима, 1925 жылы дүниеге келген, тыл еңбеккері. Ағасы, Құрманов Сейілжан, 1926 жылы дүниеге келген. ІІМ-де қызмет атқарған, ҰОС ардагері. Қарындасы – Құрманова Нариман, 1933 жылы дүниеге келген, ол да тыл еңбеккері.

ҰОС басталған уақытта Қаратай Жүсіпұлы небәрі 11 жаста болды. Бұл кезде барлық халықтың басынан қиын жағдай өтті. Демалыс кездері Қаратай Жүсіпұлы колхозда жұмыс істеді.

1942 жылы 6-шы сыныпты қазақ тілінде аяқтаған Қаратай Жүсіпұлы әкесінің Лебяжі ауданына ауысуына байланысты мектепті орысша бітіреді. Себебі аталмыш ауылда қазақ мектебі болмады. Мектепті бітіргеннен кейін 1949 жылы Мәскеу көлік тасымалдау институтына оқуға түседі.

1955 жылы бастапқыда шебер, кейін жоғары инженер лауазымымен «Ақмола-Павлодар» теміржол жүйесінің құрылыс басқармасында қызмет атқарған.

1958 жылы Павлодар құрылыс техникумының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болып, кейін өзі осы оқу орнының директоры болып жұмыс істеді.

1962 жылы В.В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік құрылыс институтына аспирантураға оқуға түседі.

1964 жылдың желтоқсан айынан бастап Павлодар индустриалды институтында тынымсыз қызмет атқарды.

1965-1976 жж. – оқу ісі жөніндегі проректоры.

1979-1992 жж. – құрылыс факультетінің деканы.

1977-1997 жж. – «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» кафедрасының доценті.

1998-2003 жж. – С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы.

2001 жылдан бастап Павлодар университетінің «Құрылыс және архитектура» кафедрасының профессоры болып қызмет атқарған (қазіргі ИнЕУ).

2004 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» кафедрасының профессоры қызметін атқарды.

2009 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Архитектура және дизайн» кафедрасының профессоры.

30-дан аса ғылыми мақалалары жарық көрді.

Жұбайы – Ильясова Гүлжан, 1937 жылы туған.

Қаратай Жүсіпұлының 3 перзенті бар: Құрманов Аскар Қаратайұлы 1958 жылы дүниеге келген. Павлодар индустриалды институтында инженер-құрылысшы мамандығында оқып білім алған. С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» кафедрасының доценті, техникалық ғылымдардың кандидаты.

Қызы – Құрманова Ғалия Қаратайқызы, 1959 жылы туған. Семей мемлекеттік медицина университетінде оқыған. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының гинекология бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Ұлы – Құрманов Абай Қаратайұлы, 1966 жылы дүниеге келген.  Павлодар индустриалды институтында инженер-құрылысшы мамандығында оқып білім алған.

Марапаттаулар, грамоталар, сертификаттар:

1957 жылы – Павлодарлық облаткомның сауатымен марапатталған;

1960 жылы – Қаз.ССР жоғарғы кеңес мақтау қағазымен марапатталған;

1971 жылы – Қаз.ССР жоғарғы кеңес мақтау қағазымен марапатталған;

1973 жылы – монтаждық техникумның құрмет кiтабына енгiзiлген;

1974 жылы – Қаз.ССР ЖОО мин алқасымен ,«социалистiк жарыстың үздiгi» медалімен марапатталған;

1984 жылы – «Еңбек ардагерi» медалімен марапатталған;

1995 жылы – Облыс алдында ерекше сiңiрген еңбектері үшін облыстық дербес әкiмдік комиссия шешімімен зейнетақы тағайындалған;

2000 жылы – Павлодарлық қалалық маслихаттың шешiмiмен «Павлодар қаласының Құрметтi азаматы» атағы берілген;

2000 жылы – Павлодарлық облыстық маслихаттың құрмет мақтау қағазымен марапатталған;

2001жылы – С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың профессор академиялық атағы берілді;

2005 жылы – «Ұлы отан соғысы кезiндегі тыл еңбекшiсi (1941-1945 жылда)» мәртебесі берілген;

2004 жыл – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 60 жыл» медалімен марапатталған;

2006 жыл – С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың профессор академиялық атағы берілді;

2008 жылы – С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың «Құрметтi деканы» академиялық атағы берілді;

2010 жылы – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 65 жыл» медалімен марапатталған.

Фотомұрағат


Марапаттаулар