Өмірбаяны

БОНДАРЕНКО ВАЛЕНТИНА КУЗЬМИНИЧНА

Бондаренко Валентина Кузьминична 1935 жылы 10 маусымда Павлодар облысы, Покровка аулында дүниеге келген. 1967 жылы әкесін Трактор зауытына бригадир қызметіне тағайындағандықтан, Валентина Кузьминична отбасымен бірге Павлодарға көшіп келеді.

Әкесі, Ященко Кузьма Григорьевич, 1914 жылы дүниеге келіп, соғыс уақытында колхозда қызмет еткен еңбекқор адам.

Анасы, Ященко Лукерия Григорьвна, әр түрлі жұмыстарда істеген қызметкер.

Отбасында төрт бала болған. Үлкен қызы, Ященко Клавдия Григорьевна, 1924 жылы дүниеге келіп, 2011 жылы қайтыс болған. Үлкен ағасы, Василий Кузьмич, 1937 жылы туып, 2013 жылы қайтыс болған. Кенже бауыры, Владимир Кузьмич, 1939 жылы туып, 1949 жылы қайтыс болған.

Ұлы Отан Соғысы басталған кезде Валентина Кузьминична небәрі 8 жаста ғана болған, 4 сыныпты ғана бітірген.

1967 жылдан бастап № 26 орта мектепте, 1990 жылдан бастап Павлодар индустриалды институтында еден жуушы болып жұмысқа орналасқан.

Валентина Кузьминична – бір қолымен әлемді, ал екінші қолымен бесікті тербеткен асыл жан. Ол – немере, шөбере тәрбиелеген әже.

1957 жылы Бондаренко Владимир Ивановичке тұрмысқа шыққан. Владимир Иванович соғысқа қатыспаған, колхозда жұмыс істеген. Бондаренко отбасында 3 бала дүниеге келген.

Ұлы, Бондаренко Василий Владимирович, 1958 жылы туған, жүргізуші болып жұмыс істейді.

Қызы, Бондаренко Татьяна Владимировна, 1959 жылы туған. Алюминь зауытында жұмыс істейді, екі баласы бар.

Кіші ұлы, Иван Владимирович, 1961 жылы туған.

Валентина Кузьминичнаның 6 немересі және 7 шөбересі бар, жолдасымен 52 жыл тату-тәтті өмір сүрген.

Сіңірген еңбегі үшін 2010 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Фотомұрағат

Марапаттаулар