Өмірбаяны

ТРУБАЧ МАРИЯ АНДРЕЕВНА

Трубач Мария Андреевна 1928 жылы 12 тамызда дүниеге келді.

1916 жылы Мария Андреевнаның  отбасы Украинадан Омбыға, содан кейін Павлодар облысы, Шербақты ауданы, Қосқұдық ауылына көшіп келеді. Сол жерде Мария Андреевна дүниеге келді.

Мария Андрееваның балалық шағы қиындықтарға толы болды.

Әкесі, Герасюк Андрей Дмитриевич, 1879 жылы дүниеге келіп, 1959 жылы өмірден озды.

Анасы, Герасюк Софья  Максимовна, 1886 дүниеге келіп, 1972 жылы Павлодар қаласында дүниеден өтті.

Отбасында  алты бала болды: үш  ұл және үш қыз. Мария Андреевна –отбасының кенжесі.

Мария Андреевнаның екі ағасы соғысқа қатысты. Үлкен ағасы, Герасюк Василий Андреевич,  1912 жылы дүниеге келді. Ленинград майданында соғысты. 1942 жылы дүниеден өтті. Герасюк Петр Андреевич 1924 жылы дүниеге келді. Курск доғасында соғысты. 1943 жылы дүниеден өтті.

Мария Андреевна 4 сыныпты  Қосқұдық селосында бітірді, кейін  оқуын Шербақты ауданында аяқтады. Мария Андреевна 6 сыныпты бітірген кезінді соғыс басталды. 13 жастағы Мария Андреевна үлкендермен қатар жұмыс істеген болатын.

Соғыс біткеннен кейін Қосқұдық ауылында жұмыс істеуді жалғастырды. 1950  жылды шайханаға буфетші болып жұмысқа тұрды.

Ал 1952 - 1953 жылдар аралығында Алматы қаласында екі айлық сатушының курсттан өтті, курсты бітіргеннен кейін  дүкенге сатушы болып жұмысқа жіберілді. 1958 жылы аға сатушы біліктілігін тағайындады. 1970 жылы үлкен ұлы Василий институтқа түскен соң Мария Андреевна отбасымен Павлодарға  көшіп келді. Бұл жерде Қазақстан темір жолын жабдықтау бөліміне  сатушы болып жұмысқа тұрды. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтына шаруашылық кафедрасына лаборант болып жұмысқа орналасты. 1982 жылы апаратшының жұмысына ауыстырылды. 1984 жылы зейнеткерлікке шықты.

1950 жылы Мария Андреевна тұрмысқа шықты. Жолдасы – Турбач  Федор Терентьевич. 1926 жылы Украинада дүниеге келді. Шербақтыда мал дәрігерінің зертханасында есепші болып жұмыс істеді. Украина майданында соғысты, «Ерен енбегі үшін» медалімен марапатталды. 1990 жылы дүниеден өтті.

Мария Андреевнаның екі ұлы бар: Турбач Василий Федорович, 1954 жылы дүниеге келді. Инженер-электрик мамандығына бойынша Павлодар индустриалды институтын бітірді. Қазіргі таңда ИнЕУ-де жұмыс істейді.

Турбач Владимир Федорович, 1959 жылы дүниеге келді, инженер-электрик мамандығына бойынша Павлодар индустриалды институтын бітірді, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-да басты инженер болып жұмыс істейді.

Мария Андреевнаның төрт немересі және бір шөбересі бар.

Отан алдындағы адал еңбегі үшін марапатталды:

- 1968 жылы «Коммунистік еңбек екпіндісі» атағы берілді;

- 1970 жылы «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен;

- 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен;

- 1995 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» мерекелік медалімен;

- 2004 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалімен;

- 2010 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен.

Фотомұрағат


Марапаттаулар