Өмірбаяны

ТЕРЕНИК МАРИЯ СЕРАФИМОВНА

Тереник Мария Серафимовна – 1991 жылдан бастап зейнеткер, 2000 жылдан бастап Павлодар қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, ВАК доценті, профессор, 37 кітаптың авторы, әр түрлі мәселелерді қозғаған 500 мақаланың авторы.

Мария Серафимовна 1929 жылы 25 ақпанда Новосибиръ облысында, Колыван ауданында, Передовое ауылында шаруалар отбасында дүниеге келген. Әкесі – Серафим Степанович, анасы – Надежкина Матрена Федоровна.

Отбасында жеті бала болған. Соның төртеуі дүние салған. Балалардан Мария Серафимовна және екі әпкесі қалған:  Антонова Тамара Ивановна, 1940 жылы дүниеге келген. Надежкина Валентина Серафимовна, 1932 жылы дүниеге келген. Тыл еңбеккері. Қазір Мәскеу облысы, Карабан қаласында тұрады.

Мария Серафимовнаның әкесі 1936 жылы Новосибиръ қаласында дүние салады. Кейін Мария Серафимовнаның анасы отбасымен Колыван ауылына көшіп барады. Өзінде ешқандай мамандық болмағандықтан, өзінің үш баласын асырау үшін балық аулау ісімен айналысады. Жұмыс уақытында балаларын әжелеріне тастап кетіп отырған.

Мария Серафимовна 1946 жылы Колыван орта мектебін аяқтап, сол жылы Новосибирь Gедагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түседі, бірақ материалдық қиындықтардың туындауына байланысты оқуын тастауына мәжбүр болады: анасынан еш көмек болмады, ал жалғыз ғана шәкіртақыға оқу мүмкіншілігі болмады.

Жұмысты 17 жасар Мария Талдықорған қалалық милициясында паспортшы болып істеуден бастады, бірақ кейін сол жылдың күзінде Абая атындағы Каз.ПИ-ға оқуға түседі.

1949 жылы Мария Серафимовна тұрмысқа шығады. Жолдасы, Тереник Иван Григорьевич, Павлодар қаласының тумасы. Иван Григорьевич Алматы қаласында медицина академиясында оқыған. 

Мария Серафимовна 1951 жылы институтты аяқтап, жолдасының жұмысының Павлодар қаласында болуына байланысты осы қалаға жұмысқа жіберілді.

Бір жылдан кейін жас отбасында Наталья есімді қыз дүниеге келеді. Наталья Ивановна ПМУ-ды «Энергетика» мамандығымен бітірді және зейнеткерлік шағына дейін осы ЖОО-да жұмыс істеді. Немересі, Глухов Сергей Владимирович, Семей Мемлекеттік медициналық академияны бітірді. Қазір олар Мәскеу облысында Монин ауылында тұрып жатыр.

Мария Серафимовна 1951-1959 жылдары педучилищеде тарихшы, оқу ісі бойынша директордың орынбасары қызметтерін атқарды, 1959-1962 жылдары Павлодар қалалық комитетінде оқу орындары бөлімін басқарды.

1965 жылы Абай атындағы Каз.ПИ-да күндізгі бөлімде аспирантураны аяқтап, кандидаттық дисертациясын қорғаған соң (11 наурыз, 1966)  Мария Серафимовнаны Павлодар қаласының индустриалды институтына жұмысқа жібереді. Кейін ол осы институтта 25 жыл қызмет атқарады:

1956-1968 жылдары аға оқытушы, доцент, 1968-1979 жылдары КПСС тарихы кафедрасының меңгерушісі, 2001 жылдың наурызына дейін НИИ ПИИ-дің ғылыми қызметкері.

М.С.Тереник Павлодарда әйелдер қауымындағы алғашқы тарих ғылымдарының кандидаты болып табылады. Ол оқу ісімен, методикалық, тәрбие жұмыстарымен, сонымен қатар үлкен ғылыми еңбекпен айналысты. Оның ғылыми еңбегінің негізгі бағыты – жергілікті тарихты қалыптастыру еді.

М.С.Тереник   Қазақстан КП-ның ХІІІ съезінің делегаты ретінде тағайындалды. Сонымен қатар, басқа көптеген қалалық конференцияларға қатысқан. КССР профсоюзының мүшелігінің кандидаты болған. 20 жылға жуық облыстық және қалалық комитеттің штаттан тыс лекторы қызметін атқарған. «Знание» қоғамының лекторы болған. Марксизм-Ленинизм университеттерінде оқытушы, КПСС кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Үлкен қоғамдық жұмысты Мария Серафимовна институтта жасаған: дәрісті оқу шеберлігі факультетін басқарған,  қоғамдық ғылымдар кафедрасының председателінің орынбасары, профком, институттың партиялық бюросы және инженер-құрылыс факультетінің мүшесі.

Зейнеткерлікке шыққанда ол облыстық мұрағатта жұмыс істеуде жалғастырды. 2001 жылы ИнЕУ профессоры академиялық атағына ие болады. Тарихшы болып жұмыс істеді. Қоғамдық жұмысты атқара отырып, ол 1999-2003 жылдары қалалық маслихаттың депутаты қызметін атқарған.

Өзінің Павлодар қаласындағы жарты ғасырға жуық жұмысы нәтижесінде Павлодар тарихы жөнінде 36 кітап жариялаған. 700-ге жуық мақала жазған, «Знание» қоғамына 2881 дәріс оқыған.

Өзінің жұмысына байланысты Мария Серафимовна Тереник мәдениет пен тарих ескерткіiтерін қорғау мәселесіне арналған  облыстық, республикалық, жалпыкеңестік ғылыми конференциялардың белсенді қатысушысы болған. Мәдениет және қайырымдылық қорларындағы еңбегі үшін, 1989 жылы Каз.ДИПО-да атқарған еңбегі үшін 1990 жылы респуликалық қоғамның құрметті мүшесі дипломымен марапатталған.

М.С.Тереник – 1988 жылы Павлодарлық «Объединение» газетінің алғашқы редакторы П.З.Ермаковтың атындағы премияның лауреаты. 1982 жылы 20 желтоқсанда ПМУ-дың Құрмет Кітабына енгізілген.

2000 жылғы Павлодар қалалық маслихатының 8-сессиясының 2-жиналысының шешімі бойынша М.С.Тереникке «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Адал еңбегі үшін марапатталды:

- 1981 жылы  КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының шешімімен «Құрмет Белгісі» орденімен;

- 1970жылы «Ерлік еңбегі үшін. Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерекелік медалімен;

- 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен;

- 1995 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 50 жылдық жеңісі» мерекелік медалімен;

- 2004 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының 60 жылдық жеңісі» мерекелік медалімен.

Мария Серафимовнаның Павлодар қаласында қызмет атқарған уақытының еңбек өтілі (1951-2005 жж) жиырма екі құрмет грамотасымен, екі дипломмен бағаланды. 

Фотомұрағат

Марапаттаулар