Өмірбаяны

ПАВЛОВА НИНА ИВАНОВНА

Павлова Нина Ивановна 1934 жылы 26 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келді.

Әкесі, Антамохин Иван Павлович, 1896 жылы дүниеге келген. Темір жол прокуроры болып жұмыс істеді.

Анасы, Антамохина Прасковья Петровна, 1896 жылы туған.

Отбасыларында жеті бала болды, бірақ қазір екеуі ғана тірі қалды.

Антамохин Евгений Иванович, Павлодар индустриялды  институтында оқыды. Тыл еңбеккері, қазіргі кезде  Сургут қаласында тұрып жатыр.

Антамохин Николай Иванович 1926 жылы дүниеге келді. ҰОС қатысушысы, Беларусияда соғысты.

Антамохин Анатолий Иванович 1931 жылы дүниеге келді. Тыл еңбеккері.

Плетенева Мария Ивановна 1923 жылы дүниеге келген. Тыл еңбеккері.

Антамохина Надежда Ивановна 1929 жылы дүниеге келген. Тыл еңбеккері.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Нина Ивановна 7 жаста еді. Нина Ивановна 10 сыныпты бітірді.

1952 – 1955 жылдар аралығында Коммунистік партияның  облыстық комитетінде, партиялық комиссия бөлімінде, 1955 жылы  Комбайн зауытында саяси бөлімінде жұмыс істеді. 1962 - 1989 жылдар аралығында Павлодардың индустриялды институтында кеңсенің басшысы болып жұмыс істеген.

Жолдасы, Павлов Юрий Федорович, 1933 жылы дүниеге келеді. Жүргізуші болып жұмыс істеді.Тыл еңбеккері.

Нина Ивановна керемет екі қызды тәрбиелеп өсірді.

Тұңғышы, Павлова Лариса Юрьевна, 1956 жылы дүниеге келген. Алюминий зауытында жұмыс істейді.

Кенже қызы, Павлова Елена Юрьевна, 1961 жылы дүниеге келді. Павлодар индустриалды институтының Энергетика факультетін бітірген, қала желісінің диспетчері болып жұмыс істейді.

Нина Ивановна –  үш немере, үш шөбере сүйіп отырған қадірлі әже.