Өмірбаяны

МАЗУР ГАЛИНА ПОРФИРЬЕВНА

Мазур Галина Порфирьевна 1933 жылы 30 шілдеде  Қызылорда облысы, Новоказалинск қаласында дүниеге келді.

1934 жылы Галина Порфирьеваның әкесінің жұмыс орнын ауыстыруына байланысты олар отбасымен бірге Павлодар қаласына көшіп келді.

Әкесі, Прядко Порфирии Васильевич, 1900 жылы дүниеге келген. Соғыс кезінде оқу орынның директоры болып жұмыс істеді.

Анасы, Прядко Зинаида Ивановна, 1912 жылы дүниеге келді, бастауыш сыныптың мұғалімі.

Отбасыларында бес бала болды: төрт қыз және бір ұл. Барлығы жоғары білім алған.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Галина Порфирьевна сегіз жаста болды.

Бірінші сыныпты Павлодар қаласында оқыды. 1941 жылдың күзінде Иртишск ауылына қоныс аударды. 1944 жылы қайтадан Павлодар қаласына көшіп келеді. Галина Порфирьевна 10 сыныпты бітіріп, «Химик−аналитик» мамандығы бойынша Ортаазиялық мемлекеттік университетіне оқуға түсті.

1955 жылы университетті бітірген соң Павлодар қаласына қайтып келіп, «Зоологиялық ветеренарлық техникумге» мұғалім болып жұмысқа тұрды.

1956 жылдан бастап Комбайн зауытында инженер-химик болып жұмыс істеді.

1961 жылы Павлодар индустриальды институтына «Химия» кафедрасына ассистент болып жұмысқа тұрды, одан кейін аға оқытушы болып ауысты. 1965 жылы  Алматы қаласындағы ҚазМУ-ға аспирантураға түсті. Университетті бітіргеннен кейін Галина Порфирьевнаға техника ғылымының кандидаты атағы, одан әрі доцент дәрежесі берілді. Галина Порфирьевна зейнеткерлікке дейін «Химия» кафедрасында жұмыс істеді.

Галина Порфирьевна балаларын, немерелерін және шөберелерін жақсы тәрбиелеген.

Жолдасы, Мазур Борис Игнатьевич, 1931 жылы дүнеге келген.  Жиырма тоғыз жыл бойы Алюминий зауытында Автоматизация және өлшеуіш техникасы цехының бастығы болып жұмыс істеді. Борис Игнатьевич та тыл еңбеккері.

Ұлы, Мазур Владимир Борисович, 1956 жылы дүниеге келген. Владимир  –  Павлодар индустриалды институтының Құрылыс факультетінің түлегі. Оқуды бітірген соң сол кафедрада ассистент болып жұмыс істеді, ал одан кейін Ленинград инженерлік-құрылыс институтында аспирантураны бітіріп сол жерде жұмысқа қалды. Қазіргі танда өз отбасымен Австралияда тұрып жатыр.

Қызы, Овчинникова Татьяна Борисовна, 1957 жылы туған.  Орал саяси институтын бітірді. Қазіргі таңда Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінде жұмыс істейді.

Қызы, Мазур Ольга Борисовна, Алюминий зауытында жұмыс істейді.

Сіңірген еңбегі үшін КСРО Облыстық жоғарғы білім саласында «Жұмыстағы жетістігі үшін» белгішемен марапатталды.

1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.

2010 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Фотомұрағат


Марапаттаулар