Өмірбаяны

КИСЕЛЕВА ВАЛЕНТИНА СТЕПАНОВНА

Киселева Валентина Степановна 1932 жылы 18 желтоқсанда  Ақмола облысында дүниеге келді. 1943 жылы Валентина Степановна отбасымен бірге Павлодар қаласына көшіп келеді.

Валентина Степановнаның балалық шағы қиын кезендерге толы болды. Әкесі соғыста, ал анасы болса күні бойы жұмыс істеді. Валентина сегіз жасынан бастап қиын жұмыстарға тап болды.

Әкесі, Штифанов Степан Яковлевич, 1906 жылы дүниеге келген. 1941 жылы Курск доғасына соғысқа кетіп, 1943 жылы сол майданда кайтыс болады.

Анасы, Штифанова Агафья Федоровна, 1906 жылы туған. «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Валентина Степановнаның отбасысында он екі бала болған, бірақ сол кездегі жағдайларға байланысты жалғыз Валентина ғана тірі қалды.

Валентина Степановна 7 сыныпты бітіріп, содан кейін жұмысқа орналасты. 1950 жылдан бастап Валентина Степановна Павлодар қаласындағы «8 наурыз тігін фабрикасына» жұмысқа тұрды, сол кезде ол тігінші оқуын оқып алған болатын. 1966 жылдан бастап Валентина Степановна «Тұрмыстық қызмет көрсету» фабрикасына ауысты.

1973-1993 жылдар аралығында Павлодар индистриалды институтында жатақханада вахтер болып жұмыс істеді.

Жолдасы, Киселев Гаврил Петрович, 1929 жылы туған, техника қауіпсіздігінің инженері болып жұмыс істеді.

Валентина Степановна төрт баланы тәрбиелеп өсірді:

Киселева Галина Гавриловна, 1950 жылы туған.

Киселева Тамара Гавриловна, 1956 жылы туған.

Киселев Петр Гаврилович, 1958 жылы туған.

Киселева Анна Гавриловна, 1962 жылы туған.

Валентина Степановнаның балалары бүгінгі таңда Павлодар қаласында тұрады. Валентина Степановнаның он немересі мен он екі шөбересі бар.

Отан алдындағы адал қызметі үшін:

- КСРО Жоғарғы Совет Президиумының шешімімен «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы адал қызмет еткені үшін» медалімен марапатталды;

- 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды;

- 2010 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Фотомұрағат



Марапаттаулар