Өмірбаяны

МЕЛЬНИКОВ ЮРИЙ КОНДРАТЬЕВИЧ

Мельников Юрий Кондратьевич 1929 жылы 27 шілдеде Саратов облысы, Пугачев қаласында дүниеге келді.

Әкесі, Мельников Кондратии Яковлевич, 1902 жылы дүниеге келген.

Анасы, Мельникова Елена Петровна, 1900 жылы дүниеге келген. Тыл еңбеккері.

Отбасыларында екі бала болды. Інісі, Мельников Венедикт Кондратьевич, 1933 жылы дүниеге келеді. Тыл еңбеккері.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған кезде Юрий Кондратьевич 12 жаста болды. Әкесі соғысқа кеткен кезде ол өзінің інісімен анасына бас көз болды.

Пугачев қаласында 7 сыныпты бітіріп, сол қаладағы ауыл шаруашылық техникумына оқуға түсті. Демалыс уақытында ол анасына көмектесіп, жұмыс істеді. Техникумды бітірген соң, ол сол жерде лаборант болып жұмыс істеп жүріп облыстық орта мектепті сырттай бітірді.

1952 жылы Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетіне түсіп, 1959 жылы оны сәтті аяқтап, «Математик» дәрежесін алды.

1961 жылы Юрий Кондратьевич Павлодар қаласына көшіп келіп, Павлодар индустриалды институтына «Жоғарғы математика» кафедрасына ассистент болып қабылданды. 1963 жылы ПИИ-да «Теориялық механика» кафедрасы ашылып, сол кафедраға  Юрий Кондратьевич аға оқытушы болып ауысты.

1967 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне  «Теориялық мехника» кафедрасына аспирантураға түсіп, 1970 жылы оны сәтті аяқтады. Бітіргеннен кейін оған физика-математика ғылымдарының кандидаты атағы және доцент дәрежесі берілді. Осы кезде Юрий Кондратьевич «Теориялық механика» кафедра меңгерушісі және құрылыс факультетінің деканы болып жұмыс істеп жүрді.

Ғылыми конференцияларға қатысқан. Ғылыми еңбектері жарық көрді. Тәжірибемен алмасу үшін көптеген институттарға барған.

Жұбайы, Семенова Маргарита Кузьминична, 1938 жылы дүниеге келді. Павлодар мемлекеттік университетінде қызмет етеді, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Ұлы, Мельников Виктор Юрьевич, 1952 жылы дүниеге келді. Павлодар мемлекеттік университетінің «Энергетика» факультетін бітірді.  Виктор Юрьевич техника ғылымдарының кандидаты, ИнЕУ-де жұмыс атқарады.

Қызы, Ирина Юрьевна, 1968 жылы дүниеге келді. ПИИ-ді бітірді.

Юрий Кондратьевичтің екі немересі, екі шөбересі бар.

Отан алдындағы адал еңбегі үшін төмендегі жүлделермен марапатталды:

- ПИИ - дің құрылуына байланысты мерекелік медальмен; 

- «ПИИ - дің құрылуына 25 жыл» мерекелік медальмен;

- 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен.

- 2010 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен.

Фотомұрағат


Марапаттаулар