Өмірбаяны

КИМ ВЛАДИМИР СЕРГЕЕВИЧ

Ким Владимир Сергеевич 1933 жылы 9 ақпанда Ресей Федерациясы, Приморск аймағындағы Спасск ауданында орналасқан Пок-тян-Дон ауылында дүниеге келген. 1937 жылы саяси сипаттамалар мен ұлттық белгілер бойыша Қызылжалау ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР-не жер аударылды.

Әкесі, Ким Му-Ген, Қазақстанға келген кезде дүниеден өткен. Анасы – Сун-Хи. Отбасында алты бала болған, үлкен ағалары, Владимир Сергеевич және қарындасы.

Қазақстанға келген уақыттағы өмір оңай басталған жоқ. Алғашқы мекен  Қарасу өзені маңындағы кішігірім үй болатын. 1937-1940 жылдары Ким отбасы төрт адамнан айырлып қалды. Алдыменен  екі ағасы, әкесі, кейін әкесінің ағасы дүниеден өтті. Қайғылы оқиғалардан кейін үлкен ағасы Киевтен Қазақстанға отбасына келді. Ол уақытта ағасы  Харьков теміржол көлігі институтының 4 курсын  бітірген болатын. Құрғақшылық салдарынан Қызылордада үш жыл бойы астық болмады, сол себепті Ким отбасы Ташкентке қоныс аударды. Ағасы жұмысқа орналасқаннан кейін отбасын өзімен бірге Юсупов колхозына алып кетті. Сол жерде Владимир Сергеевич мектеп табалдырығын аттаған болатын. Мектепте озат оқушылардың бірі болған. Бала кезінен болашақ ғалым шыбыннан тез ұшатын ұшақты құрастыруды армандаған.

1951 жылы Орта Азия  Мемлекеттік Университетіне (қазіргі Ташкент Университеті) физика-математикалық факультеті «Геофизика» мамандығына оқуға түскен.

1955 жылы 4 курсты аяқтағаннан кейін Владимир Сергеевич Қызылорда медицина техникумының түлегі медбике Галина Андреевнамен шанырақ құрады. Бір жылдан кейін Кимнің жас отбасында Виссарион есімді ұл дүниеге келеді. Осы жылы Владимир Сергеевич университетті бітіріп, комсомол жолдамасы бойынша Павлодар қаласына жіберілді.

Павлодарға келісімен Владимира Сергеевичті авиаметеорологиялық станцияның бастығының орнына тағайындады. Жас әрі жаңа басқарушыға бір бөлмелі үй берілді. 1960 жылы Ким жанұясында Наталья есімді қыз дүниеге келді. Осы жылы Владимир Сергеевичті жаңа ашылған Павлодар индустриалды инситутына физик-математик ретінде жұмысқа шақырды. Владимира Сергеевич жетекшілігімен Көкшетау және Екібастұз қалаларында ПИИ-ның филиалдары ашылды.

Павлодар индустриалды инситутында 1996 жылға дейін «Жоғарғы математика» кафедрасында аға оқытушы және қосымша әр түрлі лауазымдарда (сырттай оқу бөлімінін меңгерушісі, Энергетика факультеті деканының орынбасары, «Жоғарғы математика» кафедрасының меңгерушісі, дайындық курсының меңгерушісі, жергілікті комитеттің босатылған меңгерушісі) қызмет атқарады.

1996 жылдан бастап зейнетке шықты, 2013 жылдың желтоқсан айына дейін  математика пәнінің оқытушысы ретінде №17 ЖОББМ-де, содан кейін «Жас дарын» мектебінде  жұмыс істеген.

Төрт ғылыми еңбегі жарияланған. «Механика сыпучих материалов» атты екінші және үшінші Бүкілодақтық конференцияда ғылыми жобаларын ұсынып, ат салысқан. «Кто есть кто в Павлодарской области?» кітабына енгізілген (2006 жыл).

Владимир Сергеевич – көптеген еңбектердің авторы. Олардың бірі – логикасын және санасын математика тұрғысынан терендетіп, жетілдіргісі келетін азаматтарға жолданған «Математика для любознательных с решениями» атты кітабы (Павлодар, 2008 жыл). Бұл жинақ 6-11 сыныптар тақырыбынан құрастырылған  күрделенген есептермен ерекшеленеді. Барлық тапсырмалар мен есептердің шешімдері берілген, жинақ  770-тен артық есептерден құрастырылған. Бұл кітапты сыныптан тыс және қызметін жаңа бастап жатқан математиктерің қолдануына мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар геометрия тұрғысынан  білімдерін тереңдеткісі келетін 7-9 сынып  оқушыларына арналған «Планиметрия для любознательных с решениями» атты еңбегін атап кетуге болады (Павлодар 2012 жыл). Бұл кітап күрделендірілген есептерден тұрады, барлық тапсырмалар мен есептердің шешімдері берілген, жинақ  500-ден артық есептерден құрастырылған.

Владимир Сергеевичтің жұбайы Галина Андреевна «№1 Павлодар қалалық ауруханасының» зертханасында аға лаборант болып қызмет еткен. Ұлы Виссарион Киевта, ал қызы Наталья  Павлодарда тұрады.

Владимир Сергеевич пен Галина Андреевнаның бақытты шаңырағында 5 немере және 5 шөбере бар. Бір немересі Германияда, екіншісі Испанияда, тағы біреуі Киевте және 2 немересі Павлодар қаласында тұрады.

Фотомұрағат



Марапаттаулар