Өмірбаяны

ИВАНОВА МАРИЯ ПАВЛОВНА

Иванова Мария Павловна 1929 жылы  22 қаңтарда Щербақты ауданы, Чигириновка ауылында дүниеге келген.

Әкесі, Чистоколов Павел Андреевич, 1880 жылы дүниеге келген. Соғыс ардагері.

Анасы, Чистоколова Пелагея Семеновна, 1880 жылы дүниеге келген.

Отбасында он үш бала болған. Соғыстан кейін Мария Петровна және екі апасы тірі қалды. Иванова Екатерина Павловна, 1914 жылы дүниеге келген, тыл еңбеккері. Иванова Евдокия Павловна, 1925 жылы дүниеге келген, тыл еңбеккері.

Өзінің еңбек жолын 12 жасында, яғни бесінші сыныпты бітіргеннен кейін бастаған Мария Павловна үлкендермен қатар жұмыс істеді.

1950 жылы Павлодар қаласына көшіп келеді. «Мойылды» демалыс орнында жұмыс істеп, содан кейін азық-түлікші болып жұмысқа тұрды.

1959 жылдан бастап зейнеткерлікке дейін Павлодар индустиалды инситутында жұмыс істеді.

1960 жылы Мария Павловна тұрмысқа шықты. Жолдасы, Иванов Михаил Егорович, 1931 дүниеге келген. Тыл еңбеккері.

Мария Павловна жолдасымен төрт бала тәрбиелеп өсірген. Тұңғышы, Иванов Андрей Михайлович, 1962 дүниеге келген.

Қызы, Иванова Наталья  Михайловна, 1962 дүниеге келген, Павлодарда тұрады.

Ортаншы ұлы, Иванов Владимир Михайлович, 1967 дүниеге келген.

Кенже ұлы, Иванов Михаил Михайлович, 1971 дүниеге келген, Германияда тұрады.

Мария Павловна адал еңбегі үшін төмендегі жүлделермен марапатталды:

- 1972 жылы «Ана медалімен».

- 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалімен.

- 1995 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» мерекелік медалімен.

- 2004 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалімен.

- 2010 жылы «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерекелік медалімен.

- Адал еңбегі үшін мақтау қағазымен.

Фотомұрағат



Марапаттаулар